Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ресми сайтына қош келдіңіз!
Біз Сізді Астана қаласының медициналық мекемесі – «№ 2 қалалық емхананың» ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!
Біздің сайтқа келуіңізге не себеп болса да – өз денсаулығыңызға деген жауапкершілік пе, әлде жай ғана қызығушылық па, қалай болғанда да, Сіз біздің порталдан өзіңізге және жақындарыңызға қажетті маңызды әрі пайдалы ақпаратты таба аласыз.
Орталықтың әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеуn мүмкіндіктері, медициналық көмек көрсетудің түрлері мен шарттары туралы біле аласыз, дәрігерлердің қабылдау кестесін нақтылай аласыз және заманауи профилактикалық медицинаның жетістіктерімен таныса аласыз.
Біздің сайт арқылы «№ 2 қалалық емхананың» мамандарына жүгіне отырып, Сізді көптен бері мазалап жүрген сұрақтарға жауап тауып, денсаулығыңызға қатысты мәселелерді шешесіз деп сенеміз; сондай-ақ қызықты пікірлеріңіз бен нақты ұсыныстарыңызбен бөлісе аласыз.
Емхана директоры азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр бейсенбі күні №416 кабинетте сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін және 14.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды, бұл уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемалық мәселелері бойынша да азаматтар қабылданады.
Есіңізде болсын! Денсаулық – Сіздің әл-ауқатыңыздың іргетасы!
Біздің емхананың жоғары білікті мамандары оны нығайтуға Сізге әрқашан көмектесуге дайын!
Бүкіл ұжымның атынан Сізге бақыт және зор денсаулық тілеймін!