АУТИЗМЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ️Бүгін емханада Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, аутизм туралы ақпаратты арттыру мақсатында ашық есіктер күні ұйымдастырылды. Біздің білікті невролог, логопед, дефиктолог, педиатр, психолог мамандары сөйлеу жане психикалық дамулардың кешігуі кездескен балалармен айналысты. Балалармен түрлі даму ойындарын өткізіп, қабілеттерін білген. Ата-аналар да бұл мамандардан кеңес алып, мазалаған сұрақтарын қойды. Көбінде ата-аналар балалардың бір дастан кейін бірден жақсы сөйлеп кетуін байқамай дабыл қағады. Алайда, біріншіден сол бағытта жұмыс істейтін мамандарға көрсеткен жөн. Олар осылайша балалармен уақыт өткізіп , оның даму бағытын айтып беретін болады. АСБ-ның алғашқы белгілерін есте сақтаған жөн:-көзге тікелей қарамау, шақырған кезде жауап бермеу;-қол қимылдарының шектеулі түрде қолданылуы, меңзеу қимылының болмауы;-сөйлеу және дыбыс шығару қабілеттерінің дамымауы;-басқа балалармен бірлескен ойындарға қызығушылықтың жоқтығы;-заттарды (ойыншықтарды) бір қатарға орналастыруға ұмтылыс;-жағымсыз мінез-құлықтың көрінісі: агрессия, өзіне зиян келтіру, өтініштерді орындамау; -дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы.Бүгін ашық есік аясында 30-дан астам қаьысқан балақайлардың әлеуметтік дағдылары байқалды.

Ответить