Ұжымдық иммунитет – халықты екпемен алдын алуға болатын инфекцияларға қарсы жоспарлы профилактикалық егумен қамтудың шекті деңгейіне жету арқылы егілмеген халық тобын жанама қорғаудың түрі.Жергілікті бюджет есебінен міндетті профилактикалық егу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша А гепатитіне, тұмауға, туляремияға және түйнемеге қарсы иммундық-биологиялық препараттар егіледі. Соңғы екі ауру жергілікті және эпидемиялық ерекшеліктерге байланысты болатыны түсінікті. Ал тұмау мен А гепатитіне қарсы екпелер туралы кішкентай баласы бар барлық ана білгені жөн.

Ответить