🤒Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу оңай. Әсіресе, бұл гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және басқа да ауыр инфекцияларға қатысты. Осы аурулардың алдын алу мақсатында біздің елімізде вакцинация жүргізілуде.🏼Барлық міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе бала бекітілген жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады.Осылайша, бала тіркелген емханадағы балаларға міндетті профилактикалық егулер тегін беріледі. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.🏼Балаңызға жеке емханаларда ғана ақылы түрде екпе салынады.Вакциналауды тек медициналық мекемелерде жасаған дұрыс, өйткені барлық вакциналар арнайы сақталу шарттарын қажет етеді. Екпе алуды кейінге қалдыру баланың сол дертке тез шалдығуына ұшыратады.Балаларға қашан және қандай екпелер салу керек екендігі туралы келесі материалдарда айтатын боламыз.

Ответить