Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы   «№ 2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

«Денсаулық – терең байлық»

Біздің емхана – ересектер мен балаларға жаңа медициналық технологияларды, диагностиканың тиімді әдістерін қолдана отырып, амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді және алдын-алу іс-шараларды, скринингтік зерттеулер мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді.

Руспекова Лаззат Асыгатовна – Астана қаласы әкімдігінің                 “№ 2 қалалық емханасының” директоры. 

«№ 2 қалалық емханада» 142 дәрігер, 213 орта медициналық қызметкер,  кіші қызметкерлер саны – 16 кісі және өзге де 94 қызметкер жұмыс істейді.

Көп жылдық тәжірибесі бар емхана бүгінгі таңда заман ағысынан қалмай, жұмысына тың жаңалықтарды енгізуден танбай келеді.

         Ләззат Асығатқызы, емхана қызметінің саясаты мен стратегиясын шебер анықтайтын сауатты көшбасшы, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

         2024 жылы қантар айынан бастап емхана қызметкерлерінің денсаулығын жақсарту мақсатында «Денсаулық» кабинеті іске қосылды.

         «Денсаулық» кабинеті» гимнастикалық ролик, көп функциялы  массажер, мойынға арналған массажер, арқанмен секіру т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген:

         Гимнастикалық ролик – іш қуысы, қол бұлшықеттеріне жаттығу жасау үшін арналған. Бұл жағымды іс-әрекет қана емес, сонымен қатар СӨС-тің маңызды элементі.

.Көп функциялы массажер-төсек. Төмен жиілікті аралас жылу стимуляторы-денсаулықтың алдын алу және қалпына келтіру үшін қолданылатын жабдық. Омыртқаның акупрессура әдістері мен физиотерапияны біріктіретін көп функциялы массаж төсегі.Мойынға арналған массажер. Мойын массажы – денсаулығыңызды ретке келтірудің, көңіл-күйіңізді көтерудің, көңіл-күйіңізді жақсартудың ең жақсы тәсілі.

Велосипед тренажер- буындардың қан айналымы үшін маңызды.

Арқанмен секіру- денсаулыққа пайдалы жаттығу.

Бүл кабинетте қызметкерлер үшін: дене шынықтыру, психологиялық,  аудиотренинг жаттығулар өткізіледі.

Қызметкерлермен жұмыс атқаратын маман үйлестіруші –Айман Ермековна Серенова.

 Серенова өз ісінің білікті маманы. «Денсаулық – терең байлық» ұранын ұстана отырып, қызметкерлерге көтеріңкі көңіл-күй көрсетуде  жәрдемдеседі.

Осындай жағдай жасап, емхана қызметкерлерінің денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі үшін емхана директоры Ләззат Асығатқызына алғысымыз шексіз!

Жугинисова Закира Мурсаловна- «№ 2 қалалық емхананың» Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы.